Күні - амал
Мерекесі
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, "Тілектес" жалпы білім беретін мектеп КММ-де 14 наурыз «Көрісу мерекесі-Амал мерекесі» іс шарасы аталып өтті.
Бұл күн – көктемнің алғашқы сыбысы, табиғаттың жаңаруы мен өмірдің жаңа беті.Жаңа жылда барлық тілектеріңіз орындалып, өміріңізде тек қана бақыт, табыс және қуаныш болсын!
Мектептегі өзін- өзі басқару ұйымы ұстаздар мен білім алушыларды амал мерекесімен құттықтап, таңғы керемет көңіл күй сыйлады.
Көрісу күнінің мақсаты — қазақ халқының ежелгі дәстүрін жаңғыртып, адамдар арасындағы бауырмалдықты, сыйластықты және бірлікті нығайту.
Бұл мереке адамдарға жаңа жылда бір-біріне ізгілік тілеп, қиындықтарды бірге еңсеруге шақырады, сондай-ақ туыстар мен жақындар арасында түсіністік пен сүйіспеншілікті арттырады.
«Көрісу мерекесі-Амал мерекесі»